Мемлекеттік басқарудың жаңа түрі

Ұлттық комиссия аймақтарға жергілікті полицияны енгізіп, тәжірибе жасап көрмекші

Ұлттық жаңғырту жөніндегі комиссия еліміздің бірнеше аймағында 1 жыл бойына жергілікті полиция үлгісін тәжірибе жүзінде енгізіп көрмекші, деп хабарлады Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Астана қаласы22 Маусым , 13:48

«Мемлекет басшысының нұсқауымен қазір Ұлттық комиссия жергілікті полицияны құруды қарау жұмыстары аяқтауға таяу. Полицияны қалыптастыру барысында бізге құқықтық тәртіпті әлсіретіп, аймақтардағы криминалдық жағдайды күрделендіріп алмау маңызды. Жоспарланған реформаны талқылау аяқталып, қазіргі таңда ұсақ-түйек мәселелер талқылануда»,-деді министр.       

Оның сөзінше, әңгіме полицияны толықтай орталықсыздандыруға қатысты болып отыр, ІІМ бүтіндігі мен бірлігін сақтап қалу маңызды.

«Жергілікті полицияны құру маңызды деген екі мәселені шешеді. Бір жағынан жергілікті атқөарушы органдардың аймақтардағы қоғамдық тәртіпті қадағалаудағы жауапкершілігі артады. Сондай-ақ жергілікті деңгейде сауықтыру жүйесі жүзеге асырылып, дамытылатын болады. Жергілікті полиция әлеуметтік жағдайдағы және көшеде орын алатын қылмыстардың алдын алуға, ұсақ-түйек заңбұзушылықтарға төзбеу принципін енгізуге бағытталады. Екінші жағынан жергілікті полиция құқық қорғау жүйесін аймақ тұрғындарының талаптарына қарай қызмет етуге ықпал етіп, полиция қызметкерлерінің есептілігін қалыптастырады»,-деді Қ.Қасымов.   

Оның сөзінше, ұлттық комиссия дайындалған үлгіні бекіту үшін 1 жыл көлемінде ол жүйені еліміздіңі бірнеше аймағынаа енгізіп тәжірибе жүргізіп көру қажет деп шешті.

«Тәжірибе бізге жергілікті полиция қызметінің жұмысын ұйымдастыру барысында жүйелі жіберілетін қателіктердің орнын толтырып, аймақтарда құқық тәртібін әлсіретіп алуға жол бермеуге мүмкіндік жасайды әрі қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде, тиісті нормативті базаның болуына қажетті шарттар қалыптастырады»,-деді министр.   

Ботагөз Айтжанова

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика