Startup Nomad кезеңі аясында қатысушылардың краш-тестке қатысуға және кемшін тұстары мен өсімнің жаңа нүктелерін анықтау мақсатында тәжірибелі тәлімгерлер мен сарапшылардың көмегімен бизнес-үлгіні жасақтауға мүмкіндігі болады. Ал, алынған білімді қаржылай бағалайтын болсақ 10 мың долларға жуық шаманы құрайды.
«Бұл бағдарлама жоба және өз үлгінді жақсартады. Әр идеяны тестілеуден өткіземіз, сұрақтар жаудырамыз, әлеуетті инвесторлардың қызығушылығын тудыратын таныстырылымдар жасаймыз. Қорытынды бойныша үш жеңімпазды анықтап, оларға Алматыға жолдама береміз. Оның құны бір адамға есептегенде 500 000 теңге, алайда бұл біздің клубымыздан берілетін сыйлық», - деді З.Пак.
MOST бизнес инкубатордағы үш айлық оқудан кейін жас кәсіпкерлерге өз жобаларын Қазақстан, Ресей мен АҚШ-тың инвесторларына таныстыру мүмкіндігі беріледі.
Анар Тәңірқұлова