Басқару

Барлық құқықбұзушылықтар сотқа дейінгі зерттеудің бірыңғай реестрінде тіркеледі – ІІМ

Жаңа қылмыстық заңнама аясында барлық құқықбұзушылықтар сотқа дейінгі зерттеудің бірыңғай реестрінде тіркеледі, деді ОКҚ брифингінде Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.
Астана қаласы22 Маусым , 13:09

« Осы жылдың 1 қаңтарында жаңа Қылмыстық, Қылмыстық-процессуалдық, Қылмыстық-атқарушы кодексі жұмыс істейді, сондай-ақ, әкімшілік  қылмыстық - құқықбұзушылық  кодекстің жаңа нормасы қабылданды. Олардың тәртіпбұзушылықтарына жауапкершілік тағылады, ол түзету жұмыстары мен айыппұл ретінде болады. 2017 жылдың қаңтарынан бастап  қосымша жазалау түрі енгізіледі – көп уақытқа дейін тұтқындау. Тұтқындау арнайы мекемелерде жүзеге асады – тұтқындау үйі, ол қылмыстық-атқару құрылымында құрылды», - деді Қ.Қасымов.

Оның айтуынша, құқықбұзушылық туралы дабылдар сотқа дейінгі зерттеудің бірыңғай реестрінде тіркеледі.

«Заңнаманың өзгеруі жұмысқа күрделі өзгеріс енгізуді қажет етті. Жалпы, жаңа қылмыстық заңнама қылмыстық сот өндірісіндегі үдерістерді жеңілдетеді. Көшу аясында жүргізіліп жатқан жұмыстар аясында елде криминалды оқиғаға жол берушілік байқалмады», - деді министр.

Ботагөз Айтжанова




Яндекс.Метрика