Инвестициялар

MOST клубы 2015 жылдың соңына дейін 20 бизнес-жобаға қолдау көрсетеді

Жас кәсіпкерлердің MOST клубы 2015 жылдың соңына дейін ісін енді бастаған кәсіпкерлердің 20 бизнес-жобасын қолдайтын болады, деді Астанадағы Startup Nomad турының аясында MOST клубының негізінқалаушы Павел Коктышев.
Астана қаласы22 Маусым , 12:59

«Біз 2020 жылға дейін 555 жобаны қолдауды жоспарлап отырмыз, ал 2015 жылдың соңына дейін 20 жобаны қолдаймыз. Біз қазір жобаларды іріктедік. Біз 3-4 жобаны акселерация бағдарламасы бойынша енгіздік. Бұған дейін біздің көптеген жобаларымыз әртүрлі болатын. Қазір оларды біріктіріп, енді жақсы нәтиже күтіп отырмыз. Осыған дейін біз тренинг, оқыту, қолдаушы бағдарламалары бойынша көмектесіп, кейде жоба қаржыландыратынбыз да»,-деді П.Коктышев.    

Оның сөзінше, MOST клубы бастапқыда шығынды аз қажет ететін жобаларды қолдайды.    

«Өкінішке орай, бізде венчурлық инвестициялар жүйесі соңына дейін дамытылмаған. Тәуекел ететін жобаларға қажетті қаржыны табу қиын, ал шығынды тез қайтаратын жобаларға қаржы табуға болады. Бізде 20 жобаға 10-15 мың доллар көлемінде қаржы бөлуге болатын бюджет бар. Олардың барлығы да жеке инвесторлардың қаржысы»,-деді ол.  

Айта кететін мәселе, клуб өкілдері жас кәсіпкерлерге бастапқы кезде 2 жылға дейін қолдау көрсетеді

Анара Таныркулова




Яндекс.Метрика