Білім беру

ҚР ҚК офицерлер құрамын шетел әскери оқу орындарының бітірушілері толықтырды

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін шетел әскери оқу орындарын бітірген әскери қызметшілердің жаңа буыны толықтырды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 22 Маусым, 15:34

Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания, Германия, Үндістан, Түркия, Қытай, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Украина және өзге де елдердің әскери жоғары оқу орындарында оқып жүрген курсанттар мен тыңдаушылардың оқуы аяқталды.

 ҚР Қарулы Күштерінің офицерлер құрамы Вестпойнт қ. АҚШ Құрлық әскерлері Әскери академиясы, ӘШҚҚ Ярослав жоғары зениттік-зымырандық училищесі, Н.Воронов атындағы Пенза артиллериялық инженерлік институты, Дэхрадун қ. (Үндістан) Құрлық әскерлері Әскери академиясы, Кеңес Одағының маршалы А.Васильевский атындағы РФ ҚК әскери әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскери академиясы (Смоленск қ.), Мәскеу қ. Әскери университеті, Сэндхерст қ. Ұлыбритания әскери академиясы, Анкара қ. Түркия ҚК Құрлық әскерлерінің әскери училищесі, Украина Ұлттық қорғаныс университеті, Шицзяджуань қ. ҚХР ҚҰАА механикаландырылған жаяу әскер әскери академиясы, Гамбург қ. Бундесвер Бас штабы академиясының түлектерімен толықтырылды. 

 35 тыңдаушы және 90 курсант қазақстандық армияда қызмет етуге кірісу сәтін күтіп отыр. Жас әскери қызметшілер атап өткендей, шетел ЖОО-да алған біліміңді қолдана отырып, ҚР Қарулы Күштерінде қызмет ету құрмет. Олар міндетті түрде үкілеген үмітті ақтайды. Қазақстандық курсанттардың шетелде оқуы ҚР Қарулы Күштерінің құрылу кезінен бастап тұрақты жүргізілуде.

Соңғы үш жылдың өзінде шетел әскери оқу орындарын шамамен 400 курсант тәмамдады, оның ішінде 2013 жылы – 66, 2014 жылы – 226, 2015 жылы – 90 адам. Бұл ретте  өзге елдердің 150-ге жуық әскери қызметшісі Қазақстанның әскери оқу орындарында да білім алуда. Атап айтқанда, Тәжікстаннан 70 сарбаз Құрлық әскерлері мен Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институттарында, Қырғыз Республикасының 62 өкілі Ұлттық қорғаныс университетінде, Құрлық әскерлері мен Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институттарында және Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтында, сондай-ақ Ұлттық қорғаныс университетінде Арменияның 2 тыңдаушысы оқиды.
 





Дерекнама

Яндекс.Метрика