Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

М.Пшембаев: «Орталық-Батыс» жобасының құны 540 млрд теңге

Ұзындығы 2 мың 720 км болатын «Орталық-Батыс» жобасының (Астана-Ақтөбе-Атырау-Астрахань) құны 540 млрд теңге, деп хабарлады Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пшембаев ОКҚ.
Астана қаласы22 Маусым , 12:07

2013 жылдан бері жүзеге асырылып келе жатқан ұзындығы 1 018 км болатын «Орталық-Шығыс» жобасының (Астана-Өскемен) аясында ұзындығы 509 км болатын Астана-Павлодар-Семей бөлігінде жұмыстар жүріп жатыр. 2015 жылдың қорытындысы бойынша, 100 км болатын Астана-Павлодар (47 км) және Павлодар-Семей (53км) жол қозғалысын ашу жоспарланып отыр. Ал, Павлодар-Семей-Қалабатау мен Қалабатау-Өскемен бөліктерінде 404 км болатын жобалық-смета құжаттары дайындалуда. Бұл бөліктегі жұмыстарды 2016 жылы бастау жоспарланып отыр»,-деді М.Пшембаев. 

Оның сөзінше, «Орталық Батыс» жобасы (Астана-Ақтөбе-Атырау-Астрахань) жобасы бойынша  ұзындығы 470 км болатын Бейнеу-Ақтау бөлігінде жұмыстар жүргізілуде. 2014 жылы онда 200 км ұзақтықтағы жол ашылған болатын.  

«Дәліздің барлық ұзақтығы 2 мың 720 км, оның 1 мың 290 км қайта жөндеуді қажет етеді. Жобаның құны 540 млрд теңге»,-деді комитет төрағасы.   

Ботагөз Айтжанова

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика