Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

2009-2014 жылдары РФ шекарасынан Шымкент қаласына дейін 1 884 км бойында қозғалыс ашылды- Пшембаев

Жобаларды 2009-2014 жылдары іске асыру кезеңінде Ресей Федерациясы шекарасынан Шымкент қаласына дейін Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан арқылы 1 884 км бойында қозғалыс ашылды, деп мәлімдеді ҚР Инвестициялар мен даму министрлігі автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пшембаев ОКҚ-да.
Астана қаласы22 Маусым , 11:49

«Жобаларды 2009-2014 жылдары іске асыру кезеңінде Ресей Федерациясы шекарасынан Шымкент қаласына дейін Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан арқылы 1 884 км бойында қозғалыс ашылды. Ташкент-Шымкент-Жамбыл облысының шекарасы, Тараз қаласының айналма жолы және Алматы-Қорғас учаскелерінің 569 километрінде жұмыс жалғасуда. 2015 жылдың аяғында Тараз қаласының айналма жолын қоса есептегенде ұзындығы 183 км Шымкент  Тараз учаскесінде қозғалыс ашу жоспарлануда. Шымкент-Ташкент және Алматы-Қорғас учаскелеріндегі жұмыстарды толықтай аяқтау 2016 жылға белгіленген, сөйтіп транзиттік дәліздің өн бойымен қозғалыс ашылатын болады», - деді М.Пшембаев. 

Бұдан басқа, ол атап өткендей, келесі жоба «Орталық-Оңтүстік» (Астана-Алматы), оның ұзындығы 1282 шақырым.

«Бүгінгі күні құрылыс жұмыстары Астана-Теміртау (159 шақырым) және Алматы-Қапшағай (94 км) учаскелерінде жүріп жатыр. Олардың 40 шақырымы  цементбетонмен төселген. 2015 жылы 72 шақырым пайдалануға беріледі (10 шақырымы Астана-Теміртау, 62 шақырымы Алматы-Қапшағай жолдары). Аталаған участкелерде құрылыс жұмыстары 2016 жылы аяқталады», - деп түйді М.Пшембаев.  

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика