Өңірлер

ҚР-да суармалы егіншілікті енгізу жүйесінің бағдарламасы бойынша қарызға 675 млн теңге бөлінді

«Агробизнес-2020» мемлекеттік салалық бағдарламасы аясында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ "Суармалы егіншілік жүйесін енгізу" бағдарламасын жүзеге асыруды бастады, ол үшін 2015 жылы 675 млн теңге бөлінді, деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
Казахстан22 Маусым , 15:04

Сондай-ақ, Алматы облысында несиелеуге 135 млн теңге, Шығыс Қазақстанда 67,5 млн теңге, Жамбыл облысында 135 млн теңге және Оңтүстік Қазақстан облысында 337,5 млн теңге бөлінді. Бағдарлама елдің барлық өңірлерінде жүзеге асуда, суармалы егіншілікті енгізуді қалаған барлық тауар өндірушілер қордың филиалына өтініш бере алады.

2015 жылдың 15 маусымындағы жағдай бойынша, қор ШҚО-да 16 млн теңгенің 3 жобасын, Жамбыл облысында 37,7 млн теңгенің 6 жобасын, БҚО-да 11 млн теңгенің 2 жобасын жүзеге асырды. 




Яндекс.Метрика