Индустрияландырудың келесі кезеңінің жоспары

ҚР-да алғашқы ірі желэлекростанциясы капсуласын орналастыру рәсімі өтті

Өткен аптада Еуразиялық даму банкінің жаңа жобасы – Ақмола облысы, Ерейментау қаласында қуаттылығы 45 МВт болатын жел энергостанциясының (ЖЭС) құрылысын іске асыруға орай капсула орналастыру рәсімі өтті, деп хабарлайды Еуразиялық даму банкінің баспасөз қызметі.
Казахстан18 Қазан , 11:22

«Аталмыш жобаның аясында Еуразиялық даму банкі өткен жылдың сәуір айында 10 жылдық мерзімге кредиттік желі құны 14,2 млрд теңгелік (шамамен 94 млн доллар) «Алғашқы жел электр станциясы» ЖШС компаниясын ашты. Жобаның жүзеге асырылуы жылына 172,2 ГВтч көлемінде электроэнергиямен  қамтамасыз етпек. Бұл өңірдегі қуат  тапшылығын азайтады деп күтілуде», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, 2012 жылдың желтоқсан  айында жоба Аймақтық индустриаландыру картасына енген болатын.

«Бұл Қазақстандағы желдің күшімен энергия өндіретін алғашқы өндірістік жоба», - деді Еуразиялық даму банкі төрағасының  орынбасары Қанат Досмұқаметов.

Оның айтуынша, жобаның жүзеге асырылуы Қазақстан Республикасында жаңартылмалы  энергия көздерін қолдануға негізделген баламалы қуат көздерін дамытуға  мүмкіндік бермек.

Аталмыш жоба  «Болашақтың энергиясы» тақырыбымен өткізілетін  «EXPO 2017» көрмесі қарсаңында маңызы арта түспек.

Қ.Досмұхаметовтың айтуынша,электроэнергетикаға жаңартылмалы қуат көздерін тарту дәстүрлі энергия өндірісінің үлесін азайтып, баламалы энергия көздерінің етек алуына мүмкіндік  береді, дәстүрлі энергия көздерінің үнемделуіне жол ашады. Осылайша ауаның  ластануы мен экологиялық ластықтың да алдын алады.

 

 




Яндекс.Метрика