Қалаларға шоғырлану

Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 28,0 млрд АҚШ долларын құрады

2015 жылғы мамырдың аяғында Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 28,7 млрд. АҚШ долларын құрады. Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 28,0 млрд. АҚШ долларын құрады, деп хабарлады ҚР Ұлттық банк баспасөз қызметі.
Астана қаласы22 Маусым , 16:17

Елдің халықаралық резервтері жалпы алғанда Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (69,0 млрд. АҚШ доллары) қоса алғанда, 97,8 млрд. АҚШ долларын құрады. 2015 жылғы мамырда ақша базасы 6,6%-ға кеңейіп, 3644,8 млрд. теңге болды (жыл басынан бері 6,8%-ға кеңейді).

«Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 7,6%-ға кеңейіп, 3490,2 млрд. теңгені құрады. 2015 жылғы сәуірде ақша массасы 12266,8 млрд. теңгені, айналыстағы қолма-қол ақша 1018,4 млрд. теңгені құрады, банк жүйесіндегі депозиттер 11248,3 млрд. теңгені құрады», - делінген хабарламада.

Ақша массасының құрылымындағы депозиттердің үлесі депозиттер көлемінің төмендеу қарқынымен салыстырғанда айналыстағы қолма-қол ақшаның қысқару қарқынының 2015 жылғы қаңтар-сәуірде тіркелген басым болуы салдарынан 2014 жылғы желтоқсандағы 91,2%-дан 2015 жылғы сәуірде 91,7%-ға дейін өсті.

 2015 жылғы сәуірдің соңында ақша мультипликаторы 3,59 болды.

 




Яндекс.Метрика