«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобаларын жүзеге асыру үшін 2015 жылы 270 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобаларын жүзеге асыру үшін 2015 жылы 270 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінді, деді ОКҚ брифингінде Инвестициялар және даму министрлігінің автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Мереке Пшембаев.
Астана қаласы22 Маусым , 11:32

« Қазіргі уақытта  Батыс Еуропа – Батыс Қытай  жобасын іске асыру жалғастырылуда, «Орталық-Оңтүстік» (Астана – Алматы), «Орталық-Шығыс» (Астана –Өскемен), «Орталық-Шығыс» (Астана – Ақтөбе – Атырау – Ақтау), Алматы–Өскемен, Қарағанды-Жезқазған-Қызылорда және Атырау-Астрахан автожол жобаларын іске асыру басталды», - деді М.Пшембаев.

2015 жылы аталған жобаларды іске асыруға 269,3 млрд. теңге, оның ішінде Ұлттық қордан– 178 млрд. теңге бөлінді.

2015  жылғы 1 маусымға 85,4 млрд. теңге игерілді (оның ішінде ұлттық қордан - 44 млрд. теңге) немесе 32 пайызы игерілді.

«Бүгінгі күнге жобаларға барлығы 33 мердігер ұйым және 64 қосалқы ұйым тартылды, 27 мың жұмыс орыны ашылды және 5 мыңнан астам жол құрылысы техникасы жұмыс жасауда.Автожол саласындағы ең ірі жоба ұзақтығы 2 787 км.  «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» құрлықаралық автомобиль дәлізі болып табылады», - деді ол.

Жобаларды 2009-2014 жылдары іске асыру кезеңінде Ресей Федерациясы шекарасынан Шымкент қаласына дейін Ақтөбе, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан арқылы 1 884 км бойында қозғалыс ашылды.

Бағдарлама 11 жобаны жүзеге асыруды қарастырған, 2020 жылға қарсы 7 мың шақырым жолды қайта жөндеп, салу жоспарланған.

Ботагөз Айтжанова




Дерекнама

Яндекс.Метрика