Жалпыға бірдей еңбек қоғамы

Астанада MOST клубы жас кәсіпкерлерге арнап, шеберлік сабағын өткізді

Астанада StartupNomad турының аясында жас кәсіпкерлердің MOST клубы өзінің ісін ашқысы келетін азаматтарға бизнес-тәжірибе үйретуде.
Астана қаласы 22 Маусым, 11:21

Қазақстанның жетекші топ-менеджерлері мен осы кездесуге арнайы шақырылған спикерлер ісі енді бастаған кәсіпкерлермен тәжірибелерімен бөлісті. Сарапшылар интерактивті форматта және нақты кейстердің мысалы арқылы түрлі салалардағы бизнесті жүргізудің құралдары мен тиімді технологиялары туралы әңгімелеп берді.

«Біз 5 жылдан астам уақыттан бері жаңа жобаларды қолдап келеміз, біздің қолымыздан 7 мың адам өтті, олардың басым көпшілігі өздерінің істерін ашып, бүгінде жұмыс орындарын ашуда, салық төлеп даму үстінде.  Бүгінгі таңда біздің беріп отырғандарымыздың ең құндысы – бұл жан-жақты сараптау жұмыстары. Қазақстандық нарықты танып, халықаралық маңызға ие болатын жаңа жобаларды бастау»,-деді Жас кәсіпкерлердің MOST клубының негізін қалаушы Павел Коктышев.   

Оның сөзінше, бизнес тренингтерге клуб өкілдері халықаралық тәжірибені қолданады, мысалы акселерациялық бағдарламаларды.  

«Біз дарынды жастарға білім беріп, олардың сарапшылармен, бизнес саласында ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан тәжірибелі азаматтармен жұмыс істеулеріне көмектесеміз. Біздің ең басты құндылығымз осы. Егер жоба қажетті деңгейге сай болса, онда оған инвестиция салынады. Біз сапалы, кешенді көмек көрсетеміз, біздің өзіміздің бизнестегі тәжірибеміз 7 жылдан асады. Біз осыдан 5 жыл бұрын  ісін енді бастап жатқан кәсіпкерлерге көмек көрсеткенбіз. Өйткені біз олардың қандай проблемалармен бас қатырып жүргендерін білетін едік. Біздің өзіміз де түрлі тексерулер, лицензия алудың қиындықтарын бастан өткергенбіз. Енді, біздің мақсатымыз осы тәжірибені өзгелерге барынша кеңінен жеткізу»,-деді ол.

Айта кететін мәселе, клуб өкілдері жас кәсіпкерлерге бастапқы уақытта 2 жыл қатарынан қолдау көрсетеді.  

Жас кәсіпкерлерлдің MOST клубы Startup Nomad тур аясында өздерінің бизнес-тәжірибелерімен Қарағанды, Қызылорда, Тараз, Ташкент, Бішкек, Душанбе және Алматы қалаларында болуды жоспарлап отыр.  

 Анар Тәңірқұлова





Яндекс.Метрика