Білім беру

Павлодар облысының жас математиктері республикалық байқауда 6 алтын медаль иеленді

Бастауыш сынып оқушылары арасындағы ІІ облыстық математиктер турнирінің жеңімпаз командасы 2-4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» республикалық математиктер турниріне қатысты, нәтижесінде Павлодар облысының жас зияткерлерінің қоржыны 6 алтын медалімен толықты, деп хабарлады «Дарын» орталығы.
Павлодар22 Маусым , 12:24

Республикалық турнирдің нәтижесі бойынша №8 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінің командасы Гран-при иеленді. Ал, №10 Абай атындағы дарынды балаларға арналған мектеп лицейінің командасы І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Жалпы, республикалық турнирге құрамында 126 оқушы бар 42 команда қатысты. Топқа 2,3,4 сыныптарынан бір-бір оқушы, команда жетекшісі  жатықтырушы  енді.

Турнир 5 кезеңнен тұрды, бірінші, екінші кезеңдер  топтық, үшінші, төртінші, бесінші кезеңдер  жеке болып өтті.

Балалар өздерін жоғары деңгейде ұстап, математика саласындағы білімін көрсете білді.




Яндекс.Метрика