«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

Алматыдан Шуға қатынау мерзімі екі есеге қысқарады - ҚТЖ

Алматы-1- Шу темір жолының екінші телімінің құрылысын жүргізіп, оны электрлендірудің дайындығы аяқталды. Жоба жетекшілері «Нұрлы жол» экономикалық саясатын басты бағдарға алып 110,7 шақырым темір жол магистралын және 30 шақырымдық станциялық жолдарды салады, деп хабарлады ҚТЖ.
Казахстан22 Маусым , 15:19

Жоба аясында көпірлер, жол өткелдері, суағарлар жүргізіледі. Қазіргі таңда жолдың топырақ қабаты төселді.

«Алматы-1- Шу аралығындағы екінші жол телімі  осы аралықтағы өткізу мүмкіндігін 3,2 есеге көбейтіп, тәулігіне 68 жұп пойыздардың өтуіне жеткізеді. Жүк пойыздарының жүру уақыты екі есеге қысқарады», - делінген хабарламада.

«Жалпы негізгі жұмыстардың барлығын биыл аяқтап, келесі жылдың басында пайдалануға берудің жоспарлап отырмыз»,- дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілі М. Есілбаев.

Құрылыс жұмыстары басталған кезде пойыздардың қозғалысына кедергі келтірмейді.

Қазіргі кезде аталмыш жол телімінен тәулігіне 17 жұп жүк пойыздары, 26 жолаушылар пойыздары, «Тұлпар-Тальго» жүрдек алты пойызы  өтіп жатыр.




Яндекс.Метрика