Өңірлер

«Самұрық-Қазына» АҚ Трансформация бағдарламасы аясында Қордың болашақтағы қызметтік үлгісін айқындады

ҚР Премьер-Министрі К.Мәсімовтің төрағалығымен «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Ұлттық компанияның баспасөз қызметі.
Астана қаласы22 Маусым , 14:47

Отырыс барысында Трансформация бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп тыңдалып, Қордың 2014 жылғы жылдық қаржылық есебі бектілді, өзге де өзекті мәселелер талқыланды.

Директорлар кеңесі Қордың Трансформация бағдарламасы аясындағы болашақтағы қызметтік үлгісін назарға алды, ол бойынша корпоративтік орталық екі негізгі міндетті орындайды – активтерді оңтайландырушы және жаңа салаларды құрушы. Қор үлгісіне сәйкес, келешектегі барлық бизнес-үдерістер қызметтік сипаты бойынша үшке бөлінген: коммерциялық, операциялық және мониторинг бөлімі.

Қор үлгісі аясына жаңа салаларды дамыту, білікті басқару мен зерттеу, қаржылай бақылау, және бизнес этика (комплайанс) кіреді. Қоржын компанияларды оңтайландыру үрдісі жеңілдейді. Таланттарға еркін жол ашылады.

Қордың жаңа мандаты мен болашақ тұжырымдамасына сәйкестендіру мақсатында жекелеген компаниялардың активтерді операциялық басқаруын озық халықаралық институттар мен ұлттық әл-ауқат қорларының тәжірибесі негізінде жолға қою жоспарланған.

Сонымен қоса, отырыста Қордың 2014 жылғы жылдық есебі бекітіліп, Қор қоржындарының мақсатты пайдалы әрекет коэффициентіне көшу жоспары назарға алынды. Компаниялардың ұзақмерзімді құнын арттыру, жаңарту, жаңғырту жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік жауапкершілік, компаниялар тобын трансформациялау мен Корпоративтік басқару кодексін енгізу де Қордың стратегиялық мақсаттары болып табылады.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика