Өңірлер

Жамбыл облысының медициналық мекемелері 11 көлікке ие болды- әкімдік

Жамбыл облысының медициналық мекемелері 11 көлікке ие болды, деп хабарлайды облыс әкімдігі.
Жамбыл22 Маусым , 18:49

«Түрлі мемлекеттік органдардың медициналық қызметкерлері де назардан тыс қалған жоқ. Мысалы «Үміт» балалар үйінен атокөлікті бас дәрігер Айжан Жақсымбетова қабылдап алды. Тұрар Рысқұлов, пен Қордай аудандарының орталық ауруханалары 2 көліктен алса, Талас ауданына 2 автомобиль жіберілді. Көлік алуға қажетті қаржы жергілікті бюджеттен бөлінген»,-делінген хабарламада.  

Жамбыл облысында азаматтарға 2 мың 571 дәрігер мен 9 мың 834 медицина қызметкері көмек көрсететіндігі айтылған.   

2014 жылы республикалық және жергілікті бюджеттердің есебінен құны 6 973,7 миллион теңге болатын 32 денсаулық сақтау нысаны салынған.   

Өткен жылдың қорытындысы бойынша аймақтың медициналық-демографиялық жағдайы оң бағытта дамып келе жатқандығы мәлім болды. Осындай оңды көрсеткіштердің бірі тұрғындар арасында туу көрсеткіші 1,8 пайызға артып, өлім-жітім 5,4 пайызға кеміген.

 

 




Яндекс.Метрика