Білім беру

Ақтөбе облысында 156 түлек «Алтын белгіге» ие болды

Ақтөбеде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы қалалық саябак алаңында облыс мектептерін бітіруші түлектер мерекесі – «Жас түлек-2015» мерекелік салтанаты өтті, деп хабарлады облыстың ішкі саясат басқармасы.
Ақтөбе22 Маусым , 12:41

 «Жас түлек - 2015» салтанатына облыс әкімі Мұхамбетов А.Б., облыстық басқармалар басшылары, педагогикалық қызмет ардагерлері, облысымыздың 2450 мектеп бітіруші түлектері, 156 «Алтын белгі» иегерлері, 1000-ға жуық ата-аналар, ұлағатты ұстаздар мен қонақтар, барлығы 3000 –нан адам қатысты.

2015 жылы облысымызда  6431  оқушы мектеп бітіріп, олардың 71,8 % пайызы  білім сапасының тәуелсіз сарапшысы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, орта есеппен 82,68 баллды иеленді.

Үздік оқып, білім алған 156 түлек өз білімдерінің жоғары сапасының дәлелі «Алтын белгі» төсбелгісіне ие  болды. Ал, 66 түлек үздік аттестат иегері атанды.

Облыс бойынша ең жоғары 124 баллды жинаған 3 түлек – Тулина Рахила Серікқызы,  Хромтау ауданы, №2 Хромтау гимназиясының түлегі, «Алтын белгі» иегері; Үмбетова Назкен Абдулманапқызы, Ақтөбе қаласы, Благодарный орта мектебінің түлегі, «Алтын белгі» иегері; Танирберген Айдана Қайырғалиқызы, Алға ауданы, Бестамақ орта мектебінің түлегі. 

Мерекеге Ақтөбе қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің алғашқы түлектері де қатысады.

Мерекелік шара барысында «Алтын белгі» төсбелгісін иеленген түлектер,  халықаралық  пәндік олимпиадалар мен өнер, спорт жарыстарында жеңімпаз атанған түлектер облыс әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.




Дерекнама

Яндекс.Метрика