Өңірлер

Биыл агрокешен субъектілерінің 200-ден астам қарыз шартының субсидиялануы мақұлданды

Ағымдағы жылы несиелер, сондай-ақ технологиялық жабдықтың және ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау бағдарламасы аясында агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) субъектілерінің 233 қарыз шартының арзандатылуы мақұлданды, деп хабарлады «ҚазАгро» АҚ.
Казахстан22 Маусым , 11:03

Бұл шарттар бойынша негізгі қарыз сомасы 7,7 млрд. теңгені құрайды. Мақұлданған шарттардың қолдану мерзімінің аяқталуына дейінгі субсидиялар мөлшері 1,3 млрд. теңгеге тең. Соның ішінде ағымдағы жылға 384,8 млн. теңге субсидия қаралған. 

 Субсидияланған несиелер ішінде: айналым қаражатын толықтыру бойынша 60 қарыз шарты (2015 жылғы субсидия мөлшері - 268,4 млн. теңге),негізгі құралдарды сатып алу бойынша 106 қарыз шарты (2015 жылғы субсидия мөлшері - 69,7 млн. теңге),ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтарының  лизингі бойынша 67 қарыз шарты (2015 жылғы субсидия мөлшері - 46,7 млн. теңге) бар.

Субсидиялау бағдарламасына қатысу бойынша өтінімдер 21 қаржы институтынан келіп түскен.

Неғұрлым көп тапсырылған және мақұлданған шарттар Ақмола облысына тиесілі, нақтырақ айтсақ, бұл өңірге 39 қарыз шарты меншікті, 2015 жылы төленуі тиіс субсидия көлемі 192,2 млн. теңгені құрайды, бұл мақұлданған субсидиялар көлемінің - 49,9%.

Жалпы мақұлданған субсидиялар көлемінің 27,6% Алматы облысының қарызгерлеріне тиесілі, аталмыш аймақ бойынша 2015 жылы төленуі тиіс субсидия көлемі 106,4 млн. теңгені құрайтын 7 шарт мақұлданған.

Қалған облыстарға жалпы мақұлданған субсидия көлемінің 5% және одан аз мөлшері тиесілі.

Ауыл шаруашылығы салаларының ішінде:мал шаруашылығы бойынша 124 шарт (2015 жылы төленетін субсидия көлемі - 23,8 млн. теңге), өсімдік шаруашылығы бойынша 69 шарт (2015 жылы төленетін субсидия көлемі – 70,2 млн. теңге), ауылшаруашылық өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу бойынша 8 шарт (2015 жылы төленетін субсидия көлемі – 230,9 млн. теңге), аралас ауыл шаруашылығы бойынша 32 шарт (2015 жылы төленетін субсидия көлемі – 59,9 млн. теңге) мақұлданды.

Еске сала кетсек, бұл қолдау бағдарламасы несиелік/лизингтік шарттар бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің бір бөлігін субсидиялау жолымен қаржылық қызметтердің агрокешен субъектілеріне қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика