Өңірлер

Маңғыстау облысының әкімі халық алдында есеп берді

Республика кәсіпорындары арасында 310 млрд теңгенің 68 меморандумына қол қойылды, деді Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев өңірдің алдында есеп беру кезінде, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Маңғыстау22 Маусым , 10:26

Хабарламада айтылғандай, қазіргі таңда Маңғыстау облысының экономикасы мен әлеуметтік тұрақтылығын сақтау бойынша бірқатар басым бағыттар анықталды. Оның ішіндегі маңыздысы жұмыс орындарының сақталуы, жұмыссыздықты жойып, әлеуметтік міндеттердің орындалуы.

Республиканың және өңірдің кәсіпорындары арасында 310 млрд теңгенің 68 меморандумына қол қойылды.

Өңірдің жергілікті атқарушы органдары шаруашылық субъектілері мен бағаның өсірмеу бойынша тұрақты жұмыстар жүргізіліп отырады.

Осы мақсатта азық-түлік өнімінің өсіруіне, ауыл шаруашылығы өнімін жүзеге асыру мақсатында жәрмеңкелер өткізу, қала және аудан әкімдіктерімен меморндумға отыру сынды шаралар жүзеге асырылуда.

«2015 жылдың 1 ақпанына сәйкес, тұтынушылық баға индексі облыс бойынша 100,5 пайызды, республика бойынша – 100,6 пайызды құрады. Бұл жылдың басымен салыстырғанда: ұнға – 0,6 пайыз, макарон өніміне – 1,5, етке – 0,6 пайыз, сүт өнімдері – 1 пайыз, жұмыртқа – 2 пайыз, қант – 0,5 пайыз, көкөніс пен жеміс-жидектер – 155 теңге, картоп – 129 бағасына тең болды», - делінген хабарламада. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика