Инфрақұрылымды дамыту

2014 жылы Алматыда үшінші автобус паркі салынады

2014 жылы Алматыда «Қоғамдық көліктің даму жылдары» бағдарламасы бойынша үшінші автобус паркі салынады, деп әкім Ахметжан Есімов VIII Азаматтық форумда мәлімдеді.
Алматы қаласы18 Қазан , 11:21

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында екінші коммуналдық автобус паркінің құрылысы аяқталады.

«Қала әкімдігі жергілікті бюджет қаржысына 400 автобус алды. Оған қоса 195 жаңа троллейбус пен 17 трамвай жеткізілді.Олар қазір қалалық бағыттар бойынша жүруде», - деді А. Есімов.

Айта кетерлігі, транспорттық моделдің дамып, тұрақталуына қаланың негізгі шыға берісінде 2 көлік станциясы мен 3 автовокзал, 5000 көліктік автотұрақтың  салынуы әсер  етеді.

 




Яндекс.Метрика