Ұлттың денсаулығы

Ақмола облысында ҚҰҚ күресшілері оқу-жаттығу жиынын өткізуде

Ақмола облысында еркін күрес бойынша Қазақстан ұлттық құрамасының оқу-жаттығу жиыны өтуде, деп хабарлады ішкі саясат басқармасы жанындағы «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола 22 Маусым, 10:11

Табиғаты әсем Щучье-Бурабай демалыс аймағында орналасқан «Жақсы 2» спорт базасында күресшілер айдың соңына дейін болады.

Бүгінгі таңда ҚҰҚ мүшелері, 32 күресшілер АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында қыркүйекте өтетін күрестен лицензиялы әлем чемпионатына дайындалуда, сонымен қатар олар бұл чемпионатқа дейін дагестандың Каспийск қаласында 3-5 шілде аралығында өтетін Әли Әлиевтің халықаралық турниріне қатысады.

Қазақстан құрамасына Ақмола облысынан үш спортшы енді - Владимир Кудрин, Шырақбаев Батухан мен Мейірболат Нығметулин.

Естеріңізге сала кетейік, 19 маусымда еркін күрес бойынша ҚР ұлттық құрама командасының бас жаттықтырушысы Сергей Белоглазов ресми түре таныстырылды. Ол  өткен шақта бірегей күресші, Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы, әлемнің алты дүркін чемпионы, Еуропа чемпионатының 5 дүркін чемпионы. 2014 жылдың қазан айынан бастап еліміздің бас командасының штабында жаттықтырушы-кеңесші болып қызмет істеп келді.

«Бірінші кезекте құрамаға әділ іріктеу жүргізетін боламыз. Жарысқа бәрінен озық спортшы баратын болады. Бүгінде бізден үлкен нәтиже күтіп отыр. Сондықтанда барлықтарыңызға өз жұмыстарыңызға барынша жауаптылықпен қарауларыңызды сұраймын. Бастысы тәртіп болуы тиіс. Команда үшін кешенді-ғылыми топ жасақталды, жалпы біз үшін барлық қолайлы жағдай жасалуда. Жеңу үшін жұмыс істейтін боламыз»,  деді Сергей Белоглазов.

Жақын арада өтетін маңызды жарыстардың бірі Астанада өтетін дәстүрлі халықаралық турнир  ҚР Президентінің кубогы.





Яндекс.Метрика