Өңірлер

Қарағандыда кәсіби мерекелерінің қарсаңында 38 полиция қызметкері ант қабылдады

Қарағандыда кәсіби мерекелерінің қарсаңында 38 полиция қызметкері ант қабылдады, деп хабарлайды Қарағанды облысының әкімдігі.
Қарағанды22 Маусым , 09:34

Аймақ әкімдігінің хабарлауынша, салтанатты жиын Қарағанды қаласының ішкі істер басқармасының  алаңында өтті.  

«Ант қабылдау рәсімі мемлекет пен халық үшін мінсіз қызмет ету дегенді білдіреді. Түрленіп, зымырап жатқан заман полиция қызметкерлерінен өз істеріне деген жаңаша көзқарасты қажет етеді. Қазақстандықтардың қауіпсіздігі, азаматтардың алаңсыз өмір сүруі, ертеңгі күнге деген сенімділік сол жұмыстардың сапасына байланысты»,-деді Қарағанды қаласы ішкі істер басқармасының полковнигі Нұрсұлтан Мұқашев.    

Хабарламадан мәлім болғанындай, қызметтеріне жаңа кіріскен 38 қызметкердің 18-і жол полициясы қызметкерлерінің қатарын толықтырды, қалғандары, тергеуші, анықтаушы, криминалист, учаскелік инспектор, жедел уәкіл сияқты өзге де қызметтерді атқаратын болады. Жас мамандардың арасында үш қыз бала бар.

Ант қабылдаған жас полиция қызметкерлерінің басым бөлігі сол күні қызметтеріне кірісті.    




Дерекнама

Яндекс.Метрика