Халықаралық интеграция

Түркменстанда көші-қон мен төтенше жағдайларға дайындық салаларындағы халықаралық ынтымақтастық мәселесі сөз болды (ФОТО)

2015 жылдың 17-18 маусымы аралығында Түркменстанның Ашхабад қаласында «Көші-қон мен төтенше жағдайларға дайындық салаларындағы ынтымақтастық» туралы өңірлік форум өтіп, оған Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко қатысты, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК.
Әлемде 22 Маусым, 08:54

Шараның мақсаты Орталық Азия мемлекеттерінің мемлекеттік органдарының өкілдерін көші-қон қауіп-қатерлерін басқару жөніндегі халықаралық ұйымның аралық тетіктерімен, ең үздік халықаралық тәжірибемен, төтенше жағдайлардың көші-қон саласына әсері мен байланысшы тұлғаларлың өңірлік желісін құру мәселелерімен таныстыру болып табылады.  

«Конференцияға Орталық Азия елдері мен Ауғанстаннан 100-ден астам делегат, Түркменстанның министрліктері мен вдомстволарының, Орталық Азияда орналасқан БҰҰ, ЮНИСЕФ, ЕҚЫҰ; Көші-қон жөніндегі халықаралық ұйым, Қызыл крест халықаралық комитеті, Еуропалық Одақтың Түркменстандағы кеңсесі сияқты халықаралық ұйымдардың өкілдері қатыст»,-делінген хабарламада.

Онда арнайы сөз сөйлеген Қазақстанның Ішкі істер министрінің орынбасары Владимир Божко  еліміздің негізгі донор, яғни гуманитарлық көмек жеткізуші ретінде, төтенше жағдайлар саласындағы өңірлік бастамалар мен тетіктерді жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратындығын атап өтті.  Сондай-ақ ол реттелмеген көші-қонның алдын алу, шекараларды гуманитарлық басқару саласындағы Алматыда қабылданған резолюцияның жүзеге асырылу барысына тоқталды.

Шара барысында байланысшы тұлғалардың желісін құру жөніндегі келісімге қол жеткізілді. Жиынға қатысушылар сонымен қатар өңірлік форумның маңыздылығын атап өтті, өйткені ол көші-қон саласындағы гуманитарлық аспектілерге серпін береді.





Яндекс.Метрика