Ұлттың денсаулығы

Астанада «Қазконтент» АҚ кубогі үшін БАҚ арасында асық атудан туринир өтіп жатыр (ФОТО)

Астанада Байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мерекесіне орай бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында «Қазконтент» акционерлік қоғамының жүлдесі үшін ұлттық ойын асық атудан республикалық турнир өтіп жатыр.
Астана қаласы 20 Маусым, 15:13

«Құрметті достар, сіздерге асық ату ойынына арналған алғашқы турнирге қош келдіңіздер дейміз. Біз бүгін көшпенділердің ежелгі ойынының өзектілігін бүгінгі күні де жоғалтпағандығын тағы бір рет дәлелдеу үшін жиналдық. Бұл ойын біздің журналист мамандығымен ағайынды деуге болады. Бұл жерде біз тура мақала жазғандағыдай дәл, нақты, обьективті соққы жасаймыз»,-деді «Қазконтент» АҚ Басқарма төрағасы Айдос Қыдырма.

Оның сөзінше, бүгінгі таңда Қазақстанда бес облыста республикалық федерация жұмыс істейді.

«Асық ату ойынының шығу тарихы 3 мың жылдан әріге кетеді. Бүгінде бұл ойынды 6-дан 60 жасқа дейінгі азаматтар ойнай алады. Бұл біздің ойыншыларымыз үшін далалық диалог алаңы болмақ. Асық атудың республикалық федерациясы 5 облыста құрылған, қазіргі таңда орта мектептерде осы ойын түрінен 70 үйірме бар. Жыл соңына дейін біз 9 халықаралық және республикалық турнир ұйымдастырмақпыз. Бүгінгі турнир соның бастамасы және ол бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында өтіп жатыр»,-деді А.Қыдырма.

Айта кететін мәселе, «Қазконтент» АҚ-ның кубогі үшін 8 команда сайысқа түсуде.  

Анар Тәңірқұлова

Фото Азамат Алиев




Дерекнама

Яндекс.Метрика