Мемлекеттілікті одан әрі нығайту және қазақстандық демократияны дамыту

Астанада Мемлекет басшысының төрағалығымен «Нұр Отан» партиясының XV съезі басталды

Бүгін, 18 қазанда Астанада Тәуелсіздік сарайында ҚР Президенті, партия төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс XV съезі басталды.
Астана қаласы18 Қазан , 10:51

Съезд жұмысына партияның барлық өңірлік филиалдарынан 1200-ге тарта делегат пен мыңнан астам үкіметтік емес, жастар ұйымдары, дипломатиялық корпус өкілдері, мәдениет пен спорт қайраткерлері,мемлекеттік органдар, ұлттық холдинг басшылары жиналды.

Съезде «Нұр Отан» партиясының жаңа саяси доктринасының жобасы, партияның алдағы онжылдықтағы міндеттері талқыланады деп жоспарланып отыр.

Сондай-ақ партия жарғысына өзгерістермен толықтырулар, партияның саяси кеңесі құрамына өзгерістер енгізу, мұнымен  қатар, бақылау-тексеру органдарының бірқатар мәселелері қаралатын болады.

Осы күні  «Нұр Отан»партиясының Көшбасшысы Н.Назарбаевтың төрағалық етуімен Үкімет мүшелері,өңірлік филиалдар басшылары қатысатын партияның саяси кеңесі бюросының кеңейтілген отырысы өтіп, онда Нұр Отанның жаңартылуы, партия аппаратының жұмыс тиімділігін  түбегейлі арттыруға байланысты нақты тапсырмалар берілмек.

 

 




Яндекс.Метрика