Мәдениетті жаңғырту

Әскери институттың жас авиаторлары «Жастар жалыны-2015» жобасында жоғары нәтиже көрсетті (ФОТО)

Ақтөбеде «Біз Ақтөбенің дарындарымыз» атты байқаудың жеңімпаздары мен «Жастар жалыны -2015» жастардың шығармашылық жобасының аясындағы Дельфий ойындарының жеңімпаздарына қошемет көрсетілді, деп хабарлайды ҚР ҚМ баспасөз қызметі.
Ақтөбе 20 Маусым, 15:46

Іс-шараға облыстың жоғары және орта оқу орындарының студенттері мен екі дүркін Кеңес Одағының батыры Талғат Бигельдинов атындағы Әуе қорғанысы әскери институтының курсанттары қатысты. Аталған әскери оқу орны республикадағы Қазақстанның әуе қорғанысы үшін маман сардарлар дайындайтын жетекші оқу орындарының бірі болып табылады.

Шығармашылық байқауда Әскери институт курсанттары – болашақ авиаторлар жоғары көрсеткіш көрсетті. Осылайша «Эстрадалық ән айту» және «Үздік спикер» аталымдарында курсанттар 3-орын алды. Ал, «Қазіргі би» аталымында курсанттардың «AIRFORCE» бишілер командасы 2-ші AIRFORCE» орынды жеңіп алды. Гала-концерттің қорытындысы бойынша курсанттар 2-ші және 3-ші дәрежелі дипломдар алды. Әскери институт басшысы белсенді курсанттарға алғысын білдіріп, болашақта да жеңістерге жете берулеріне тілектестік білдірді.





Дерекнама

Яндекс.Метрика