Халықаралық интеграция

Допинге қарсы стратегия Алматыны қысқы Олимпиада -2022 кандидат ретінде жақындатты

Алматыда Халықаралық допинге қарсы конвенциясына мүше 20 мемлекеттің өкілдері Азия мен Мұхит елдерінің министрлерінің деңгейінде допинге қарсы күрес мәселесіне арналған мәжіліс өткізді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
Алматы қаласы20 Маусым , 14:52

Шараны Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттігі спорттағы допингпен күрес шараларын үйлестіру мен бақылау мақсатында ұйымдастырды.

Мәжіліс барысында қала әкімі Ахметжан Есімов Алматының Орталық Азия өңірінде допингпен күресте шешуші рөл атқаратындығын атап өтіп, 2022 жылы елімізде допингке қарсы зертхана құрылғандығын атап айтты. 2011 жылы зертхана Бүкіләлемдік допингпен күрес агенттігінің халықаралық стандарттарға сәйкестігі жөніндегі аккредитациясын алды, сөйтіп, әлемдегі арнайы рұқсаты бар 34 зертхананың біріне айналды.  

«Олимпиада қозғалыстарында допингпен күрес спорттық қозғалыстағы маңызды бағыттардың бірі болып қалады. Допинг тек спортшылардың денсаулықтарына зиянын тигізіп қана қоймай, таза бәсекелестіктің де орнауына кесірін тигізеді. Бүгінгі мәжіліс осы бағыттағы жұмыстарға  серпін береді және допингке қарсы  ұйымдардың арасындағы әріптестікті нығайтады деген ойдамын»,-ұйымдардың арасындағы әріптестікті нығайтады деген ойдамын»,-деді А.Есімов.

«Алматыны халықаралық спорт орталығы десе болады. Ал аккредитациясы бар допингке қарсы зертхананың болуы жақсы бағдарлама және өзгелерге үлгі боларлық іс әрі допингке стратегияны дамытуға негіз боларлық жақсы іс. Бұған қоса ол Алматының 2022 жылғы қысқы олимпиаданы өткізуіне қажетті активтердің бірі»,-деді Допинге қарсы халықаралық ұйымның Бас директоры Дэвид Хоуман. 




Яндекс.Метрика