Ұлттың денсаулығы

Ақмола облысының 200 –ден астам мемлекеттік қызметкерлері президенттік тест тапсыруда

Көшетауда 38 облыстық және аймақтық басқармалардың, департаменттер мен комитеттердің 215 мемлекеттік қызметкері президенттік тест тапсыруда, деп хабарлады ішкі саясат басқармасына қарасты «Ақмола Медиа Орталығы».
Ақмола 20 Маусым, 13:44

Көкшетау қаласының мемлекеттік қызмет істері басқармасының бастамасымен «Ұлт Көшбасшысы – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тесті» айлығы аясында Мемлекеттік қызметкер күнінен арналған тест тапсыру басталды.  

Басқарма өкілдерінің мәлімдеулерінше, сынақ 7 тест түрінен тұрады. Бүгін таңа ата шаңғы базасында аталмыш шараның салтанатты ашылуы болды. Бұдан соң тест тапсырушылар түрлі секторларға бөлінді. 24-39 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер арасындағы ең үлкен топ 100 метрге арналған спринтерлік жүгіру сынағына қатысу үшін жолға шықты. 40-49 жас аралығындағы ерлер мен әйелдер граната лақтырудан шеберліктерін көрсетті. Бірқатар азаматтар тұрған жерінен ұзаққа секіру бойынша жарысқа қатысу үшін кезекке тұрды. 50-60 жас аралығында азаматтар да тартылу мен денені әрі-бері бұру сияқты жаттығуларды жасады.  

Түс қайта барлығы № 4 орта мектептің пневматикалық мылтықтан нысана дәлдеу алаңына жиналды. Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысының  дене шынықтыру және спорт басқармасы 2015 жылдың 11-13 маусымы аралығында 18-ден жоғары азаматтар арасында облыстық тестілеу шарасын өткізді. Президенттік тест тапсыру Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өткізілуде.  Оның мақсаты азаматтарды салауатты өмір салтына тартып, тұрғындардың денсаулық жағдайларының деңгейін білу.   

 

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика