Ұлттық қорғаныс қабілеттілігі мен әскери доктринаны нығайту

Қазақстандық десанттар парашютпен секіру түрлері бойынша жаттығуға кірісті (ФОТО)

ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлері бөлімшелерінің жауынгерлері биылғы жылдың шілде айында Қапшағай су қоймасында парашютпен суға секіру жаттығуларын жүргізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚО ҚМ баспасөз қызметі.
Казахстан 20 Маусым, 14:13

Парашютпен суға секіру ерекше жаттығу түрі болып табылады. Бұл жаттығуға парашютпен кемінде 10 рет секірген, суда жүзе білетін, құтқару және жүзу құралдарын пайдалана алатын әскерилердің жеке құрамасы ғана жіберіледі. Парашютпен суға ҚР ҚК Аэтроұтқыр әскерлерінен 200-ге жуық әскери секіріс жасауды жоспарлап отыр. Бұл секіру жаттығулары осымен үшінші рет жүргізілуде.   

Паарашютпен суға секірудің ерекшелігі, жауынгерлер құрғақ жерге секіру бойынша қойылатын талаптарды орындап қана қоймай, олар секіруден соң суға түсуге де дайын болуылары керек. Қосымша парашютті босатып, құтқару жилетін үрлеп, ілгіш жүйені алып тастап, суға 2 метр қалғанда суға секіріп түсіп, парашют түсетін жерден жүзіп кетуі керек. Парашютпен суға секіру ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің әскери дайындық шараларының негізі болып табылады.

Айта кететін мәселе, жыл басынан бері қазақстандық десанттар 2 мыңға жуық секірулерді жүзеге асырды, олардың бірқатары түнгі мезгілде болды.   

  





Яндекс.Метрика