Басқару

Астаналық кәсіпкерлерге бизнесті жүргізу бағытында нақты ақыл-кеңестер берілді

«Кәсіпкерлік сағаты» диалог алаңының аясында қоғамдық тамақтану нысандарының иелеріне санитарлық-гигиеналық қадағалаудың жаңа талаптары мен ережелері туралы түсіндірілді, деді Астана қаласының кәсіпкерлер палатасының өкілдері.
Астана қаласы20 Маусым , 13:09

«Санитарлық нормаларды кәсіпкерлік субъектілері қалай орындаулары керек, егер аяқ астынан кезектен тыс тексеру келіп қалса, кәсіпкер бірінші кезекте нені білуі керек, СЭС қызметкерлерінің құзырына қандай жаңалықтар мен критерилер енгізілген? Осы және кәсіпкерлердің өзге де сауалдарына Тұтынушылар құқығын қорғау департаментінің санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің жетекшісі Александр Ким жауап берді.

Хабарламадан мәлім болғанындай, палата сарапшылары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бастамашы болған «Жедел сарапшы» жаңа жобасының іске қосылғандығын да атап өтті. Жобаның басты ерекшелігі қоғамдық тамақтану нысандарының иелеріне олардың қызметін жетілдіру бағытында тиісті ақыл-кеңестер беру болып табылады. Егер ол сәтті жүзеге асатын болса, ілкі жобаның ұйымдастырушылары қоғамдық тамақтану жүйесінің барлық қызметін оңтайландыру бағытында жаңа тиімді көздер қарастыруды жоспарлап отыр.    

Кездесу аясында кәсіпкерлер тек өздерін толғандырған сауалдарға жауап алып қана қоймай, құзырлы орган өкілдерінен де тиісті нақты кеңестер алды. 




Яндекс.Метрика