Адами капитал

Құрметті донор А.Скаковский 44 жылдан бері қан өткізіп келеді

Биыл менің донорлық қызметіме 44 жыл толады, осы жылдар аралығында мен 1000 донация жасап, қан көлемім 530 литрге ұлғайды, деді «Қайрымдылық» аталымының жеңімпазы, КСРО және Қазақ СРО құрметті доноры, қан донациясы жөнінен әлемде екінші орынды иеленген Александр Скаковский Астанада Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты шарада.
Астана қаласы 20 Маусым, 10:03

«Мен Қазақстанның барлық азаматтарын, нақтырақ айтқанда жастарды ерікті, қайтарымсыз донорлар қатарына кіруге шақырамын. Қанды мен 1971 жылдан бері өткізіп келемін. Осы уақыт аралығында қаным 530 литрге дейін ұлғайды, яғни мен донор болған кезімде осыншама литр қан өткіздім. 44 жыл ішінде мен 1000 мың донация жасадым. Өткен жұмада, 12-маусым күні 1000-шы рет қан өткіздім. Өткізген қанның жалпы көлемі 530 литрді құрады. Келесі аптада жаңаша есептеу басталады»,-деді А.Скаковский.   

Оның сөзінше, алғаш рет ол қанды босанғалы жатқан әйелге көмектесу үшін өткізген.

«Біз бірнеше адам болып бардық. Алайда менің қанымнан басқаларының ешқайсысы ол әйелге келмейтін болды. Әйел нәрестесімен құтқарылды. 1971 жылдың 12-шілдесінде мен ерікті, қайтарымсыз донор болдым. Одан әрі плазма мен имунды плазманың доноры болдым және бүгінгі күнге дейін сондаймын»,-деді А.Скаковский.  

Донордың айтуынша, ол күнде жарты литр қан плазмасын өткізеді.

«Мен 69 жасқа толдым. Қазір Қазақстанда ең жоғарғы жас ерекшелігі алынып тасталған, сондықтан қанды шексіз өткізе беруге болады, денсаулық мүмкіндік берсе және өзіңе өзің сенімді болсаң  болды. Мен әлі 20 жылдай қан өткізе аламын деген ойдамын. Менің қаным екінші топта, резус-факторым оңды»,-деді А.Скаковский.   

Ботагөз Айтжанова





Яндекс.Метрика