Адамзаттық капитал

Көкшетауда 18 медицина қызметкері марапатталды (ФОТО)

Бүгінгі таңда Ақмола облысының тұрғындарына 611 медицина ұйымында қызмет көрсетіледі. Онда осы уақытта 12 мың адам қызмет етуде, деп хабарлайды облыстық баспасөз қызметі.
Ақмола 20 Маусым, 15:06

Көкшетауда Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин медицина қызметкерлерін құттықтады. Салтанатты жиынға 600-ден астам медицина қызметкерлері қатысты. Естеріңізге сала кетейік, кәсіби мерекелерінің қарсаңында бір топ медицина қызметкерлері Көкшетау қаласынан жаңа пәтерлердің кілттерін алды.  

«Аймақты биылғы жылы 16 дана медицина құрылғысы мен 8 санитарлық автокөлік алынды. 2015 жылдың екінші жартыжылдығында тағы 57 медициналық құрылғы алынып, құны 4,5 миллиард теңге болатын 14 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланып отыр»,-делінген хабарламада.  

Іс-шарада облыс әкімі медицина қызметкерлерін «Денсаулық сақтау саласының үздігі», «Денсаулық сақтауды дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен және алғыс хаттармен марапаттады. Облыс әкімінің марапатына барлығы 18 медицина маманы ие болды.    

«Бүгін біз өз өмірін әлемдегі ең ізгі мамандықпен – медицина қызметімен байланыстарған азаматтардың кәсіби мерекелерін атап өтудеміз. Сіздердің миссияларыңыз күрделі әрі аса жауапты және сіздерден ол бар ынта-ықыластарыңызбен беріле отырып, барлық күш-жігерлеріңізді сарқа жұмсауды қажет етеді.  Дәрігер мамандығы қандай замандарда болмасын, қай жерде болмасын қоғам арасында ерекше сыйлы, құрметті мамандық болып келген. Бұл күн біздің әрқайсымыздың Ақмола облысының денсаулық сақтау күзетінде тұрған азаматтарға ыстық ықыласымыз бен алғысымызды білдіретін күн. Барлықтарыңызға, мықты денсаулық, бақыт, сәттілік пен ұзақ ғұмыр тілеймін»,-деді облыс басшысы өзінің құттықтауында.     

Мерекелік шара концертке ұласты.

 

 

 

 





Дерекнама

Яндекс.Метрика