Халықаралық интеграция

Мәжіліс депутаттары мен Моңғолияның Ұлы Хуралының өкілдері ынтымақтастық мәселесін талқыға салды

Мәжіліс депутаттары мен Моңғолияның Ұлы Хуралының өкілдері атом энергетикасы, ауыл шаруашылығы және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқыға салды, деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 20 Маусым, 11:36

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің хатшысы Шавхат Өтемісов Монғолия Ұлы Хуралының Сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі тұрақты комитетінің төрағасы Жадамба Энхбаяр мен Монғолия Ұлы Хуралының Мемлекеттік құрылым жөніндегі тұрақты комитетінің басшысы Бәкей Ағыпар бастаған делегация мүшелерімен жүздесті.

Кездесу иелері қос мемлекет арасындағы жыл санап нығайып келе жатқан екіжақты қарым-қатынас жайын сөз етті. Әсіресе, парламентаралық әріптестікті нығайтуға баса назар аударылды. Ж. Энбаярдың атап өткеніндей, қос ел арасында, соның ішінде атом өнеркәсібі, уран, ауылшарушылығы салаларында өзара байланысты одан әрі тереңдетудің маңыздылығы зор. Кездесуге сондай-ақ, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Асхат Бекенов қатысты.





Яндекс.Метрика