EXPO-2017

ЭКСПО-2017: болашақ технологияларына көпір

2013 жылы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясында көрсетілген жаңа бағдарлар ескеріле отырып, Инновациялық қызметті дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдама жобасына өзгертулер енгізілмек. Сонымен бірге, инновация саласындағы бірқатар бағыттарды дамытуда жоғары белсенділік күтілуде, әсіресе Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің негізгі тақырыбына байланысты, деп хабарлады индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Қаныш Төлеушин.
Казахстан04 Қаңтар , 00:00

- Инновациялық қызметті дамытудың 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасының жобасы ол қандай құжат? Бұл Тұжырымдама қашан қабылданады?


- Тұжырымдаманың негізгі міндеттері технологиялық болжау және инновациялық қызметті қолдау жүйесін қалыптастырудың нәтижелері бойынша анықталған біздің экономикамыз үшін маңызды технологияларды дамыту болып табылады.

 

Құжат инновациялық дамудың сегіз стратегиялық саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді, атап айтқанда: мемлекеттік секторда инновациялар енгізу, инновациялық ортаны қалыптастыру, ғылымның тиімділігін арттыру,  технологияларды коммерцияландыру жүйесін дамыту, бизнестің инновациялық белсенділігін дамыту, өңірлік инновациялық жүйелерді құру, инновациялық инфрақұрылымды дамыту және инновацияларды дамыту үшін халықаралық ықпалдастыру шараларын атқаруды қамтамасыз етеді.

Айта кету керек, бүгінгі таңда республикада инновациялық экономика тұрғызу үшін қажетті база құрылған. Бұл база бірнеше инновациялық және ғылыми инфрақұрылымды, оның ішінде технопаркттер мен конструкторлық бюроларды қамтитын толыққанды инновациялық жүйе құруды пайымдайды. Және бұл жүйе қаржылық инфрақұрылымды, ең алдымен, инновациялық гранттарды, венчурлық қорларды, жобалық қаржыландыруды және бизнестің белсенді атсалысу шарттарын қамтиды.


Тағы бір маңызды міндет - инновациялық жүйе толық жұмыс істеу үшін аталған жүйелердің арасындағы байланысты күшейту болып табылады. Қазір біз осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз. Тұжырымдама Президент Әкімшілігінің қарауында. Құжат қаңтар айында қабылданып қалады деген ойдамыз.

- Бұл Тұжырымдама технологияларды дамытуда салалық градацияны қарастырады ма?

- Бүгінгі таңда экономиканың қайсыбір салаларын дамыту жөніндегі отыз әлеуетті технологиялық бағдарлама анықталып отыр. Белгілі бір саланың даму проблемалары технологиялық өндірісті арттыру арқылы шешілмек.

Мысалы, мұнай өндіру саласында  «қара алтынды» өте тереңнен өндіру немесе оның құрамында күкірттің көп болу проблемасы бар. Сондықтан да мұнай өндірісін жақсарту жөніндегі үздік технологияларға қажеттілік туындайды. Ақпараттық технологиялар  паркінде 6 ғылыми орталық құрылады. Осындай тренд экономиканың басқа да салаларында құрылмақ, Ең маңызды шарт: жобалардың ғылыми құрамдылығы, кадрларды даярлау мәселесі және бизнестің жобаға атсалысуы, осы шарттардың бәрі бірігіп саланы дамытудың нысанды технологиялық бағдарламасын құрайды.

- Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің жария етілген «Болашақ энергиясы» атты тақырыбына байланысты инновациялық саясат өзгереді ме?

- Ия, әрине, өзгертулер болады және бұл жұмыстар басталып та кетті. Онда энергияның балама көздерін дамыту, энергетикалық тиімділік және т.б. салалардағы технологияларды әзірлеумен байланысты мәселелер қамтылатын болады.

Дәл осы мәселеге байланысты аталмыш Тұжырымданы қабылдау ісі 2013 жылға ауыстырылған болатын. Себебі ЭКСПО-2017 көрмесінің өткізілуіне байланысты және Елбасының «Қазақстан-2050» Стратегиясымен жүктелген тапсырмаларға орай  бұл құжатқа  толықтырулар мен өзгертулер енгізу аса қажет. 




Яндекс.Метрика