Ғылымды қажет ететін экономиканың дамуы

KAZNEX INVEST өкілдері Шығыс Қазақстан экспортшыларымен кездесті

Экспорттық рұқсатты алу мен темір жолдардағы тасымалға қойылатын жоғары тарифтердің мәселесі ШҚО кәсіпкерлер палатасында талқыланды, деп хабарлады облыстың ақпарат орталығы.
Шығыс Қазақстан20 Маусым , 11:04

Пікірталас ретінде өткен экспортшылар кеңесі барысында  облыс кәсіпкерлері бизнесті дамытиудағы қиыншылықтар туралы айтты.

«Кәсіпкерлер – экспортшыларды қолдау мақсатында  кәсіпкерлерге арналған «Экспортшылардың жол картасы»  өнімі шығарылды. Бүгінгі күні 18 карта дайындалды. Оның ішінде «КЭМОНТ» АҚ, «Өскемен конденсатор зауыты» ЖШС, «Шығысагрохолдинг» ЖШС бар», - деді ШҚО КП Нұрлан Әлиев.

KAZNEX INVEST атқарушы директоры Ғазиза Шаханова хабарлағандай, компания барлық шығындарды өзі өтей алмайды, сондықтанда осылай бөлу тек өтініштер бойынша жүргізіледі. Оған кәсіпорындардың шетелдегі шығынын өтеу  көрме өткізу, жарнамалық акция, сертификаттау, тауарлық белгілерді тіркеу сынды бюджеттің бағыттары жатады.

Естеріңізге сала кетейік, KAZNEX INVEST ШҚО-да жұмыс істеп эспорттаушыларға түрлі  қолдау көрсету құралдары арқылы көмектесіп келеді.

 




Яндекс.Метрика