Инновациялық Қазақстан - 2020 мемлекеттік бағдарламасы

Жылжымайтын мүлік техпаспортына онлайн төлеу eGov.kz порталында қолжетімді болды

Қазақстанның электрондық үкімет порталы жылжымайтын мүлікке техникалық паспортты алу процесін оңтайландырды. Енді пайдаланушыларда сонымен қатар eGov.kz порталында қызметке онлайн тіркеу мүмкіндігі пайда болды, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ.
Казахстан19 Маусым , 19:31

Бұдан асқа дайын құжатты бұрынғыдай Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығынан емес, ХҚКО алуға болады.

Естеріңізге салсақ, 2013 жылдың соңынан бастап электрондық үкімет порталында жылжымайтын мүлiк объектiлерiнiң техникалық паспортын алуға электрондық өтінішті беру қызметі қолжетімді.Осы уақытқа дейін порталда аванс құнының төленгені үшін чектің скан-көшірмесін тіркеуге болатын еді, алайда қызмет үшін онлайн төлеуге мүмкіндік болмады.

«Біз электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы қызметті аванс төлемі мен қалған төлем бөлігінде оңтайландырдық, осылай біз чектің скан-копиясын тіркеуді алып тастадық» - деп «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Руслан Еңсебаев ақпарат берді.

Оңтайландырудан кейін eGov пайдаланушысы электрондық өтінімді берген кезде барлық қажетті жолдарды толтырады, жылжымайтын мүлік объектісіне құқық белгілейтін құжатты тіркейді және қызметтің аванс құнын төлейді.

Сұрау салу бұдан әрі Жылжымайтын мүлік жөніндегі орталығына түседі, онда техникалық паспорт дайындалады да пайдаланушыға қалған ақы сомасы жіберіледі. Қалған ақы төленгеннен кейін пайдаланушының Жеке кабинетіне хабарлама түседі, онда дайын техпаспортты алуға болатын ХҚКО атауы көрсетіледі.

Техпаспортты ХҚКО-да алу үшін азамат осы хабарлама мен жеке куәлікті ұсынуы қажет.

Айта кетерлік жайт, мемлекеттік қызметтерді көрсету процесін оңтайландыру Электрондық үкіметтің басым міндеттерінің бірі болып табылатынын атап өту қажет.  Осы жұмыс өзімен бірге талап етілетін құжаттардың санын, азаматтарға қызметтерді көрсету кезінде уақытты және қадамдарды қысқартуды ұсынады. Бүгінгі күні оңтайландыру электрондық үкіметтің қызметтерін көрсеткен кезде 2500 аса түрлі құжаттарды қысқартуға мүмкіндік берді.

 

 




Яндекс.Метрика