Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

Б.Байбек: 5 институционалды реформаны жүзеге асыру жемқорлық ауыздықтауға мүмкіндік жасайды

5 институционалды реформаны жүзеге асыру жемқорлық ауыздықтауға мүмкіндік жасайды, деді «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру бойынша өңірлік Кеңестердің міндеттері туралы» республикалық семинар-кеңесінде «Нұр Отан» партиясының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек.
Алматы қаласы 19 Маусым, 19:14

«Нұр Отан» партиясының   XVI Съезінде Мемлекет басшысы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев елімізді әрі қарай модернизациялау үшін «Бес институтционалдық реформа» ұсынғаны мәлім. Оны іске асыру үшін «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» қабылданды, оны орындау Қазақстанның әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуына мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, аталған реформаларды іске асыру мемаппараттағы және әлеуметтік саладағы сыбайлас жемқорлықты ескертусіз мүмкін емес.

Осыған орай, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа атымен төзбеушілікті және жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ғана емес, сондай-ақ, азаматтық қоғам институттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қатысуын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуді көздейтін «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы ерекше маңызға ие бола түседі.

Семинар-кеңеске қатысушылардың алдында сөз сөйлеген «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек құрылған кезден бастап «Нұр Отан» партиясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақсаты айқын тұрақты жұмыс жүргізіп келе жатқанын, ал, Мемлекет басшысының қатысуымен өткен партияның Саяси Кеңесінің кеңейтілген отырысында қабылданған 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламаның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік Стратегияның идеологиялық өзегіне айналғанын атап өтті.

«Бес реформаны іске асыру қазақстандық мемлекеттілікті нығайту, либералдық қоғамды дамыту, «Қазақстан-2050» Стратегиясын орындау, сондай-ақ, жемқорлыққа жол бермеу мен мемлекеттік аппараттың ашықтығын арттыру үшін шынайы жағдайлар туғызады. Сонымен бірге, қоғамның белсенді қатысуынсыз, тек мемлекеттің күшімен ғана сыбайлас жемқорлықпен күресу тиесілі нәтиже бермейді. Мемлекет пен қоғам жемқорлыққа қарсы бірыңғай майдан болып қарсы шығуы тиіс», - деп атап өтті сөйлеген сөзінде Б.Байбек.

Партия Төрағасының бірінші орынбасары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің  сыбайлас жемқорлық көріністерін жою, барлық мемлекеттік органдардың қызметін терең талдау және қоғамдық партиялық бақылауды жүзеге асыру бойынша түбейгейлі шараларға арналған партияның базалық алаңы екенін баса айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестердің басшыларына БПҰ-ның  сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде тұрақты әдістемелік және тәжірибелік көмекті ұйымдастыру тапсырылды. Жастардың «Жас Отан» жастар қанатының жұмысына ерекше назар аудару қажет, өйткені жастар арасында оның белсенділігінен сыбайлас жемқорлыққа қатысты олардың көзқарасының қандай болатынына байланысты. 





Дерекнама

Яндекс.Метрика