Өңірлік және халықаралық ықпалдастық

ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің отырысында Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары V съезінің қорытындылары қарастырылды

ЕҚЫҰ Қазақстан делегациясының басшысы Елші Қайрат Сарыбай ЕҚЫҰ Тұрақты Кеңесінің отырысында ү.ж. 10-11 маусымда Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары V съезінің қорытындылары туралы баяндады, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде19 Маусым , 18:42

Ұйымға 57 қатысушы-мемлекеттің делегациялары әлем діндері көшбасшыларымен қоса бірқатар мемлекеттер мен беделді халықаралық ұйым басшыларының басын қосқан Съез өкілдерінің ауқымдылығы туралы хабарланды. «Рухани саммит қатысушыларының негізгі идеялары және қабылданған декларация мазмұны жайлы баяндалды», - делінген хабарламада.

Қ. Сарыбай ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Съездегі сөйлеген сөздерінің негізгі тезистерін келтіріп, қауіпсіздік және дамудың жаңа парадигмасын қалыптастыру жолында ықпалдасудың маңыздылығын атап өтті. Қазақстанның көпұлтты және көпконфессионалды қоғамда теңгерімдік пен келісімге табысты жетудің үлгісі ретіндегі рөлі атап өтілді.

Қазақстан дипломатының сөздері делегациялар арасында оң бағаланып, бүгінгі таңда ұйымға қатысушы-мемлекеттер мен ЕҚЫҰ басшылығы қатысатын Съезінің халықаралық шаралар шеңберіндегі елеулі орны туралы сөз қозғалды.

Беларусь, Ватикан және Ресей делегациялары жауап мәлімдемелерін жасады. Олар мемлекеттерінің Съезге қатысты үлкен қызығушылық танытатынын және қазіргі заманда оның өзектілігі мен қажеттілігін айрықша атап өтті. Сөз сөйлегендердің барлығы бейбітшілік пен жалпы даму мәселелерінің шешімінде рухани басшылардың елеулі рөлін атап өтті. Делегациялар Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевқа Съезді шақыру бастамасы мен оның жоғары деңгейде ұйымдастырылу шараларына ерекше алғыстарын жеткізді.

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика