Өңірлер

ҚазАгро несие өтінімдерін жинақтау және өңдеудің автоматтандырылған жүйесін енгізді

«ҚазАгро» ұлттық холдингіне несие өтінімдерін жинақтау және өңдеудің автоматтандырылған жүйесі енгізілді, бұл аграрларға өз жұмыс бөлмелерінен шықпай-ақ холдингтің несиелеуші ұйымдарына қаржыландыруға өтінімдерін беруге мүмкіндік береді, деп хабарлады «ҚазАгро» АҚ.
Астана қаласы 19 Маусым, 18:26

 «Атамекен» ҚР кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арасындағы кәсіпкерлерді қолдау жөніндегі Келісімге қол қою барысы туралы  «ҚазАгро» холдингінің Басқарушы директоры Айгүл Мұхамадиева айтты.

Холдингтің өкілі атап өткендей, «ҚазАгроның» барлық еншілес компанияларының қызметі «Агробизнес-2020» салалық бағдарламасын іске асыруға бағытталған, әсіресе ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің несие ресурстарына қолжетімділігін жоғарылату бөлігінде. «Осы бағыт шеңберінде холдингтің құрамындағы үш компания  – «Аграрлық несие корпорациясы», «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» және «ҚазАгроҚаржы»  ауылшаруашылық тауар өндірушілері үшін несие өнімдерінің кеңейтілген спектрін ұсынады. Соның ішінде қолжетімділікті жоғарылатуға несие серіктестіктерін қаржыландыру арқылы қол жеткізіледі, ол «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ шағын несие ұйымдары арқылы аудандардың, елдімекендердің пункттері деңгейінде несие ресурстарын жеткізеді, - деді Айгүл Мұхамадиева.

Астанада «Атамекен» ҚР кәсіпкерлерінің ұлттық палатасы және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындарға қолдау көрсету шеңберінде Өзара іс-қимыл жөніндегі келісімге қол қойды.  

Құжатқа сәйкес, тараптар түрлі бағыттар бойынша өзара әрекет жасауға ниетті – Кәсіпкерлерді қолдау орталықтары және қаржыландыру бағдарламалары бойынша мемлекеттік қолдау шаралары жөніндегі кеңес беру орталықтары арқылы аграрлық кәсіпкерлер мен ауыл тұрғындарын ақпараттық қамтамасыз етуден моно және  шағын қалалар мен ауыл тұрғындарын кәсіпкерліктің негіздеріне оқытуға дейін. Бұдан басқа, Келісім бизнес жоспарларды жасау және «ҚазАгро» холдингінің қаржы институтына беру үшін өтінімдерді қалыптастыру бойынша кеңес беру қызметі, құқықтық сүйемелдеу бөлігінде кәсіпкерлерді сервистік қолдауды болжайды.

«ҚазАгроның» Басқарушы директоры Айгүл Мұхамадиева айтқандай, «Атамекен» ҰКП осындай келісімдерге «Аграрлық несие корпорациясы» және «ҚазАгроҚаржы» АҚ да қол қояды.  

 

 





Яндекс.Метрика