Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты

Республикадағы ғылыми өндірістің 42% Алматы қаласының үлесі– А.Есімов

Қазақстанның алдында көмірсутекті ресурс өндірісіне негізделген экономикадан Президенттің Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» Стратегиясы Жолдауында айтылған «жасыл экономикаға» көшу тапсырмасы қойылған, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов VIII Азаматтық форумда.
Алматы қаласы 18 Қазан, 10:33

«Алматы жаңашыл идеялар мен үлкен болашақтың орталығы. «Жасыл экономикаға» өту мегаполисіміздің басты  басымдылықтарының бірі. Республикадағы ғылыми өндірісте Алматы қаласының үлесі 42%екенін ескерсек, осы бағыттағы қаламыздың алар орны да жоғары болмақ», - деді әкім.

Қала басшысының айтуынша, бүгінде алып шаһар электр үнемділігі мен экологиялық жағдайды бақылауға алудың кешенді шараларын қабылдауда.

«Қоғамдық көліктерді дамыту жылы» шеңберінде 2013 жылдың желтоқсан айында екінші коммуналдық автобус паркінің  құрылысы аяқталмақ. 2014 жылы үшінші коммуналдық парктің құрылысы басталады  деп жоспарлануда. Қала әкімдігі тарапынан газбен жүретін 400 автобус алдырылады. Осылайша транспортта экологияны сақтау жолындағы шаралар 50 пайызға артпақ.

 

 





Яндекс.Метрика