Түзету кабинеті мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық кешенді, тегін қызметтер көрсететін мемлекеттік мекеме.
«Сәуір айынан бері менің екі балам түзету кабинетіне барып жүрді. Осы үш айда балалар айтарлықтай жетіліп қалды, орташа есеппен алғанда бұл балалар бұл балалар ешкімнен кем емес балалар болатын. Менің балам жан-жақты, ал қызым бөтен адамдардан қорқатын. Бұл жер оның бірінші рет келіп тұрған мекемесі. Ол бір аптадан соң-ақ біршама оңалып, түстерді айыратын болды, тақпақ жаттап, ән айта бастады. Менің балам логопедтен соң әріптерді дұрыс айта бастады. Бұл жерден біз аз ғана мерзімде айтарлықтай жетілдік. Педагогтар төзімділіктерімен ерекшеленеді. Олар расында да балаларға жандары ашиды»,-деді екі баланың анасы Ақмарал Оралинова шара барысында.
«Мен бұл орталықта күні бойы жұмыс істеймін. Түзету кабинетінде істеген жылдары түзетуден 130 бала өтті. Мен таза соқыр 8 даламен жұмыс істеймін. Ал нашар көретін балаларға келетін болсақ, оларлың көпшілігі мамандандырылған №23 балабақшасына барды. Сабақтар қолмен ұстап сзеу бойынша жүргізілуде, өйткені олар көрмейді»,-деді әдістемеші, тифлопедагог Сәуле Сағымбаева.
«Дара» қоры мен «Самұрық-Қазына» ӘАҚ жобаларының аясында жаңа түзету кабинеттері Қарағанды, Ақтөье, Астана және Көкшетау қалаларында ашылды. Астанада бұндай кабинет жарты жылдан астам уақыттан бері жұмыс істеуде.
Шара барысында оған қатысушылар тифлопедагог, психолог, дефектолог, сурдопедагог, логопед сияқты мамандардың жұмыстарымен танысты,
Ботагөз Айтжанова
Фото Азамат Алиев