Адам капиталын дамыту

Жыл басынан бері Қазалы ауданының 300-ге жуық медицина қызметкері біліктілігін арттырды

Қазалы ауданында Медицина қызметкерлері күні қарсаңында денсаулық сақтау саласының қызметкерлері, ардагер-дәрігерлер және жаңашыл медиктерге арналған мерекелік кеш өтті, деп хабарлады аудан әкімінің баспасөз қызметі.
Қызылорда19 Маусым , 17:53

Салтанатты шарада аудан әкімі Бахыт Жаханов денсаулық сақтау сала қызметкерлерін аудан халқы атынан кәсіби мерекелерімен құттықтады. 

«Медицина саласындағы өзгерістерді, тың жаңалықтарды халыққа кеңінен түсіндіріп, насихаттай білуіміз керек. Ол үшін барлық күш жігерімізді жұмсауға тиіспіз. Осы қиын да жауапты еңбектегі толымды табыстарыңыз үшін баршаларыңызға зор алғысымды білдіремін» - деп, бірқатар сала қызметкерлерін "Алғыс хаттармен" марапаттады.

Бұл мақсатта былтырғы жылы аудандық ауруханаға 2 млрд-тан астам қаржы қаралған. Осы бөлінген қаржылардан материалдық техникалық жабдықтар, 8 санитарлық автокөлік және жаңа заман талабына сай медициналық аппараттар алынды. Сонымен қатар емханалардың ішкі, сыртқы жөндеу жұмыстары, абаттандыру, су жинау, жылу жүйесін жөндеу жұмыстары жүргізілді. 

Қазіргі таңда ауданда жыл басынан бері 49 дәрігер, 294 мейіркеш білімін жетілдірді. Бұл алдағы уақытта да жалғасын табады. Былтырғы жылдың өзінде 11 жас маман мемлекеттік «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында ауылдарға барып қызмет жасауда.

 

 




Яндекс.Метрика