Адамзаттық капитал

Павлодарлық денсаулық сақтау қызметкерлері ведомстволық медальдармен марапатталды

Павлодарда Естай атындағы мәдениет сарайында медициналық қызметкерлер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Өңірдің дәрігер-мамандарын кәсіби мерекемен Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев құттықтады, деп хабарлады облыс әкімдігі.
Павлодар19 Маусым , 17:06

Аймақ басшысы облыстың медицина саласын дамытуға қосқан үлесі және осы саладағы ұзақ жылғы адал еңбегі үшін бірқатар дәрігерлерді Құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен және айтулы наградалармен марапаттады.

«Халық денсаулығын сақтау – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және стратегиялық маңызды басымдықтарының бірі. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында еліміздің медицина саласы тұрақты дамып келеді. Дәрігер кәсібінің мәртебесі өсті, денсаулық сақтау мекемелеріне барынша қолдау жасалуда.

Қазіргі таңда облыста 370 медициналық ұйым бар. Оларда 2 мыңнан астам дәрігер мен 5 мыңнан астам орта медициналық қызметкер еңбек етеді. Еліміздегі экономикадағы «ерекше кезеңге» қарамастан, биыл денсаулық сақтау саласына бюджеттен 35 млрд. теңге бөлінді.

Ағымдағы жылы Павлодар облысында 7 дәрігерлік амбулатория, 100 орындық перинаталдық орталық корпусы пайдалануға беріледі. 16 денсаулық сақтау мекемесіне күрделі жөндеу жұмыстары жасалады. Жергілікті бюджет есебінен 52 заманауи медициналық құрал-жабдықтар сатып алу жоспарланған.

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлттық жоспарында бастапқы медициналық-санитарлық көмекті басымдықпен қаржыландыру міндеті қойылды. Осы тапсырманы орындау мақсатында жуырда ғана өңіріміздің ауылдық жердегі медицина мекемелеріне жаңа жедел жәрдем автокөліктері сатып алынды. Сонымен қатар, биыл ауылдық жердегі денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға жергілікті бюджеттен 360 млн. теңге бөлінді.

Біздің өңіріміздің жедел жәрдем станциялары – республикадағы алдыңғы қатардағы санитарлық қызмет көрсету мекемелері. Олар ең озық үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған. 

Жас дәрігер-мамандар шетелде тағылымдамадан өтіп, күрделі операцияларды жасауды үйренді. Біздің өңірлік кардиоорталық жүрек және қан-тамыры аурулары бар науқастарға сапалы медициналық қызмет көрсететін озық медициналық орталыққа айналды.  

«Мен білікті және еңбекқор дәрігерлердің өңір тұрғындарының денсаулығын сақтауға мен жақсартуға алдағы уақытта да үлкен үлес қосады деген ойдамын, - деді облыс әкімі Қ.Бозымбаев.

 

 




Яндекс.Метрика