Адами капитал

Алғаш рет ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің жиындары Ұлттық ұлан және авиациямен бірлесіп өтті (Фото)

Алматы облысының Талдықорған қаласындағы 18404 әскери бөлімінің базасында ҚР Қарулы Күштері Аэроұтқыр әскерлерінің жедел-әдістемелік жиындары аяқталды, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігі.
Казахстан 20 Маусым, 12:41

Жиынға Аэроұтқыр әскерлері басшылық құрамының 300-ге жуық әскери қызметшісі қатысты.  Сабақтар барысында авиацияны тарта отырып, роталық-тактикалық оқу-жаттығуларды дайындау және ұйымдастыру жұмыстары өтті.

«Алғаш рет осы жиындарда ҚР Ұлттық ұланы бөлімшелерімен өзара іс-қимылда диверсияға қарсы қауіпсіздік жөніндегі сабақтар, Әуе қорғанысы күштерінің авиациясымен роталық-тактикалық оқу-жаттығулар, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетімен бірлесіп өртке қарсы қауіпсіздік бойынша сабақтар өткізілді», - деп хабарлады АэҰӘ ҚБ штабы жедел басқармасының бастығы полковник Байыржан Артықов. 

 Одан басқа, жиын барысында атыс даярлығы бойынша сайыс өтті. Бұл жарыста бірінші жалпы командалық орынды Талдықорған қ. 18404 әскери бөлімінің командасы иеленді.

Атыс, арнайы және техникалық даярлық бойынша топтар құрамында дәрістер жүргізілді, БТР-лар, сондай-ақ авиация – ұшақтар мен тікұшақтар тартылды. Аэроұтқыр әскерлері басшылық құрамының мұндай жедел-әдістемелік жиындары жылына екі рет өтетінін атап өткен жөн.
 





Яндекс.Метрика