Инфрақұрылымның дамуы

Ұлт жоспары: ШҚО-ның Ұлан ауданында сүт- тауарлы ферма іске қосылды (ФОТО)

ШҚО-ның Ұлан ауданында 100 басқа есептелген сүт- тауарлы ферма іске қосылды.
Шығыс Қазақстан 19 Маусым, 16:32

Ақпараттық орталықтан хабарлағандай, ол Ұлан ауданындағы «Сагинкумаров» шаруа қожалығы жанындағы сүт өндірісі бойынша «Делаваль» заманауи технологиясымен жабдықталған.

Облыс әкімінің тапсырмасымен ашылған кәсіпорын сүт өнімін жергілікті «Багратион Ұлан»ЖШС жеткізіп тұрады. Бүгінгі таңда «Сименталь» тұқымдас сүтті 100 мал басы сатып алынды, сонымен қатар СТФ одан ары дамыту үшін 55 га қосымша суармалы жер бөлінді.

«Аталмыш ферманы ашу Елбасының 5 институционалды реформасын жүзеге асыру бойынша Ұлт жоспары  100 нақты қадамның 60-шы қадамын жүзеге асыру болып табылады», - деп атап өтті ШҚО-ның ауылшаруашылығ басқармасының бастығы Дүйсембай Селиханов.

Айта кетерлік жайт, жоба құны 117 млн теңгені құрады, оның 66 млн теңгесі  қожалықтың өз қаржысы, ал 51 млн теңге қаржылай қолдау қорының «Ырыс» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген.





Яндекс.Метрика