Адами капитал

Астанадағы түзету кабинетіне балаларды тасымалдауға екі инва-көлік берілді (Фото)

Астанадағы №2 түзету кабинетіне «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ мен «Дара» қайырымдылық қорының қолдауымен балаларды тасымалдауға екі инва-көлік берілді.
Астана қаласы 19 Маусым, 13:46

«Бүгін тұңғыш рет кеңейтілген бұқара алдында түзету кабинеті есігін қайтара ашты. Аталмыш кабинет қажетті қондырғымен қамтылған. Оқыту-әдістемелік база дайындалған. Осы сынды кабинеттер Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Көкшетау қалаларында ашылды. Карағанды, Көкшетау және Ақтөбе қалаларында кабинеттер инва-көлікпен қамтылуы керек еді. Енді балалар  түзету кабинеттеріне келіп әрі қарай бейімделу үшін ем қабылдай алады. Біз «Дара» қайырымдылық қорымен 2014 жылы жұмыс істеуді бастадық.  Бұл шара өзінің нәтижелерін көрсетіп жатқанына қуаныштымыз. Мүмкіндік келгенше жұмысты жалғастыруда, қондырғылармен жабдықтауды жалғастыруды жоспарлаудамыз. Аталмыш қондырғылар Германияда жиналды», - деді «Самұрық-Қазына» АҚ қоғаммен байланыс директорының орынбасары Айдар Махметов.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, олқылықтары бар балалары бар отбасыларға тмамандардың қызметін мекен-жайға байланысты алу мәселесі өзекті.

Сондай-ақ, Астанада түзету кабинеті екеу ғана, сондықтан балаларды тасымалдау сұрағы қиыншылық тудыратын. Инва-көліктердің арқасында аз топтағы балалар ем қабылдауға жете алады.

Астаналық кабинет жарты жыл бойы жұмыс істеп келеді, 130 бала ем қабылдауда. «Бірдейміз бәріміз-кемсітуді білмейміз жобасы: Қазақстанда инклюзивті қоғамды қалыптастыру».

Ботагөз Айтжанова

Фото Азамат Әлиев

 





Яндекс.Метрика