Ұлтаралық бірлік

З. Кабұлдинов: Мемлекет басшысы- Қазақстандағы тұрақтылықтың ең басты факторы

Қазақстанның ұлтаралық бейбітшілік пен келісім елі болуының басты факторы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарпбаевтың көрегенді саясаты, деді «Халықтар келісімі» қоғамдық қорының директоры, Ұлттық тарихшылар конгресінің ғалым-хатшысы Зиябек Қабұлдинов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Астана қаласы19 Маусым , 13:14

«Біздің этникалық келісім мәселесіндегі ерекшелігіміз неде, біздің ұлтаралық бейбітшілік пен келісім мемлекеті ретінде танылуымыздың сыры неде, бізге нақты реформаларды, соның ішінде 5 институционалды реформаны жүзеге асыруға көмектесіп отырған кім?. Яғни, біздің ұлтаралық мемлекет ретінде орнығыуымыздың басты себебі - президент факторы болып отыр. Біздің президентіміз өзінің ішкі және сыртқы саясатымен біздің елімізді әлемдегі ең төзімді, ашық, қонақжай халық етіп отыр»,-деді З.Қабұлдинов.    

Сондай-ақ сарапшының пікірінше, елдегі этникааралық келісімнің факторы тұрғындардың өздері болып отыр. 

«Біздің үйімізде бейбітшілік пен келісім үшін қызмет етіп отырған екінші фактор ұлтқұраушы  қазақ этносының төзімділігі. Бұны біз ешқашанда ұмытпауымыз керек. Сөз жоқ біз үшін тиімді қызмет етіп отырған үшінші фактор - Қазақстанның полиэтникалық қалыптасу ерекшелігі. Біздің мемлекетіміз тек ТМД-ның ғана көптеген мемлекеттерінен ерекшеленіп қана қоймай, көптеген алыс шет мемлекеттерден де ерекшеленеді. Біздің көпұлттылығымыз, полиэтникалылық осыған дейінгі билік басында отырғандардың сұрқия саясатының нәтижесі болып отыр. Қазақстан аумағындағы көптеген эпостар саяси қуғын-сүргіндер мен депортациялау шараларының арқасында пайда болды. Жергілікті халық оларды қабылдады»,-деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда достық пен келісімде 130-дан астам халық пен ұлт өкілдері тұрып жатыр.  

Анар Тәңірқұлова 




Яндекс.Метрика