Халықаралық интеграция

Қазақстандық делегация Хельсинкиде өткен Ядролық лаңкестікпен күрес жөніндегі жаһандық бастамасының жалпы отырысына қатысты

ЕҚЫҰ жұмысына бастау берген, яғни бұдан 40 жыл бұрын Хельсинкілік қорытынды актісіне қол қойылған Хельсинкидің «Финляндия Холл» атты тарихи конгресс сарайында Ядролық лаңкестікпен күрес жөніндегі жаһандық бастамасының жалпы отырысына (ЯЛКЖБ) Қазақстанның Финляндиядағы Елшісі Ғалымжан Қойшыбаев бастаған қазақстандық делегация қатысты, деп хабарлады ҚР СІМ.
Әлемде 19 Маусым, 16:17

Іс-шараға ЯЛКЖБ-ға қатысушы мемлекеттері, бастама теңтөрағалары (АҚШ, Ресей), бақылаушылар мен бес халықаралық ұйымдарының 200-ге жуық өкілдері қатысты.

Қазақстан Жаһандық бастаманы бар ядролық қаруды таратпау тәртіптерді таратпауды нығайту мен лаңкестік қауіптерге қарсы тұрудың маңызды бөлігі деп есептейді. Біздің мемлекет бұл бастамаға алғашқы әріптестердің бірі ретінде қосылды.

Лаңкестік ұйымдардың ядролық қаруларға, оның бөлшектеріне, технологиясына және радиоактивті материалдарына қол жеткізу жөніндегі тұрақты құштарлықтары барлық адамзат қауымы үшін үлкен қауіп қатерлер тудыруда және ЯЛКЖБ жұмыстары өзінің өзектіліктерін сақтауда.

Қазақстан жаппай қырып жою қаруларын таратпау мен халықаралық лаңкестікпен күрес жөніндегі бастамалардың белсенді қатысушы ретінде оның жұмысына зор үлес қосуда. Атап айтқанда, Астанада 2007 жылы 11-12 шілде аралығында ЯЛКЖБ -ның үшінші кездесуі, ал 2010 жылы қыркүйекте Ядролық лаңкестікпен күрес жөніндегі жаһандық бастаманың лаңкестікті қаржыландыруға қарсы тұру жөніндегі конференциясы өтті.

Ядролық лаңкестікпен күрес жөніндегі жаһандық бастаманың жалпы отырысында қатысушы мемлекеттер ЯЛКЖБ-ның соңғы екі жылдың жұмыстарын қорытындылай келе, ЯЛКЖБ-ның жаңа мақсаттары мен бастамалық міндеттемелеріне қол жеткізу үшін жан-жақты қолғабыс көрсететіндерін және оларды жүзеге асыру үшін тығыз ықпалдасатынын қайта растады.

 





Яндекс.Метрика