Парламент

Мәжіліс атом энергиясын пайдалану туралы заң жобасын қарастырады

Палата Спикері Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды. Халық қалаулылары назарына зейнетақымен қамсыздандыруға қатысты толықтырулар мен «Атом энергиясын пайдалану туралы» заң жобасын ілеспелі түзетулермен бірінші оқылымда қарау және дайындығы мен жұмылдыру мәселелері бойынша түзетулерге байланысты заң жобасын талқылау ұсынылған.
Астана қаласы19 Маусым , 13:06

Мәжіліс хабарлағандай, сондай-ақ, осы күні мәжілісмендер бірқатар ратификациялық құжаттарды қарастырады. Олар: Литвамен, Ресеймен реадмиссия туралы үкіметаралық келісімді және Ресеймен реадмиссия туралы келісімді іске асыру тәртібі туралы атқару хаттамасын, сонымен қатар, Қазақстан мен Жапония арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялауға қатысты болмақ.

Депутаттар Иран Ислам Республикасымен жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы үкіметаралық келісімді, Қылмыстық істер бойынша өзара көмек туралы америкааралық конвенцияны, 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан мен Қырғыз Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы бейінді комитеттерге қорытынды әзірлеу мерзімін тағайындайды.

Сонымен бірге, екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша түзетулерді жұмысқа қабылдайды. Жалпы отырыстың күн тәртібінде ілеспелі түзетулермен қайырымдылық, демеушілік және меценаттық қызмет туралы заң жобалары бойынша жұмысты жалғастыру қаралған.

 

 




Дерекнама

Яндекс.Метрика