Халықаралық интеграция

Қазақстан мен Франция өнеркәсіптік меншік нысандарын қорғау бойынша меморандумға қол қоймақшы

Әділет министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, өзінің сөзінде Ив Лапьер Қазақстанның бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру міндеті мемлекет тарапынан үлкен күшті талап ететіндігін атап өтті.
Әлемде19 Маусым , 15:49

Инновацияларды дамыту мен өнеркәсіп меншігі нысандарының құқықтарын қамтамасыз ету, елдің экономикалық өсімінің маңызды бөліктері болып табылады. Франция үкіметі бұл сала бойынша зияткерлік меншік мәселелері мен халықаралық ынтымақтастыққа ерекше көңіл бөліп отыр. Бұл реттегі Франция мен Қазақстан ынтымақтастығының жарқын мысалы - жаңа технологияларды енгізу жөніндегі Astana Smart city жобасы болып табылады.    

«ЗИҰИ» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры С.Бекеновтың сөзінше, қазіргі таңда Қазақстанда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше мемлекеттердің тіркелген ведомстволарының тәжірибелері негізінде өнеркәсіптік меншік нысандары саласындағы үздік тәжірибе мен сараптау жүйесін енгізу бойынша, жұмыстар жүргізілуде.

Осы ретте екі елдің арасындағы ынтымақтастықты жетілдіру мақсатында С.Бекенов өнеркәсіптік меншік нысандарын қорғау бойынша меморандумға қол қоюды ұсынды. Ив Лапьер келесі жылдың қазан айында өтетін Бүкіләлемдік зияткерлік меншік ұйымы Ассамблеясында меморандумға қол қоюға дайын екендігін  білдірді.

 

 

 




Яндекс.Метрика